Атырау, 31 шілде 09:53
 ашықВ Атырау +35
$ 424.44
€ 504.91
₽ 5.81

​ДСМ мен әкімдіктер эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстауы қажет – Асқар Мамин

821 просмотра

Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктер эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстауы қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жалпы санитариялық-эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді. Вирустың репродуктивтілік индексі - 0,9. Ауруханалар мен жансақтау бөлімдерінде адамдардың саны азайып келеді. «Қызыл» аймақта елорда ғана қалды. Жалпы 13 өңір, яғни басым бөлігі «жасыл» аймақта, 3 өңір «сары» аймақта», - деді Үкімет басшысы. 

Оның атап өтуінше, бүгінгі күні 2,5 миллионнан астам адам вакцинаның бірінші компонентін және шамамен 1,4 миллионнан астам адам екінші компонентін алды. 

«Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктер эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстауы қажет. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі санитариялық-эпидемиологиялық шаралардың сақталуы мен вакцинацияға ерекше назар аударсын. Бетперде режимі сақталсын, әсіресе, ғимараттардың ішінде. Мониторингтік топтар жұмысын жандандырсын», - деді Асқар Мамин.

15 маусым, 09:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.