Атырау, 31 шілде 10:37
 ашықВ Атырау +35
$ 424.44
€ 504.91
₽ 5.81

​Қазақстандықтарға жалған акция сатқан қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар сотталды

1 176 просмотра

Ақтөбеде танымал әлемдік брендтердің жалған акцияларын сатты деп айыпталған қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға сот үкімі шықты. Бұл туралы қаржы мониторингі агенттігі хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі. 

Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбе және Орал тұрғындарынан алаяқтық жолмен ақша алу схемасын анықтаған. Өздерін "Unique finance" шетелдік компаниясының өкілі ретінде таныстырған қаржы пирамидасының өкілдері ақшаны Pepsi, Nike, Microsoft, Ford және BMW сынды ірі халықаралық компаниялардың құнды қағаздарына инвестициялауды ұсынған. 

Салымшыларға ай сайын салынған соманың 6% және жаңа серіктестің салым сомасының 5% мөлшерінде пайда түседі деп уәде етілген. Ең төменгі салым 1000 доллар болған. Алайда айыпталушылар адамдарға құнды қағаздың орнына жалған акцияларды беріп, қаражатты өздері иемденіп отырған. 

Қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар сот алдында жауап беріп, 3 жылдан 3,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылған. Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда "Astra Consulting agensy" ЖШС қаржы пирамидасы ретінде танылғанын жазған едік. Алматы қалалық тергеу басқармасының мәліметінше, осы компанияның басшылығы мен қызметкерлеріне қатысты алғашқы арыз полицияға 2019 жылдың желтоқсанында түскен. Бүгінде күні зардап шеккендердің саны 124 адамға жеткен. Келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 601 миллион 245 мың 283 теңге.

14 маусым, 12:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.