Атырау, 23 желтоқсан 07:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Қазақстандық оқушылардың күзгі және көктемгі демалысы қысқарады

4 735 рет қаралды

Қазақстанның білім және ғылым министрлігі 2021-2022 оқу жылында мектеп оқушыларының демалыс күндері көрсетілген бұйрық жобасын Ашық НҚА порталында жариялады, деп хабарлайды Sputnik.

"Меншік нысанына және ведомстволық бағыныштылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында 2021-2022 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және демалысы кезеңдерінің мынадай мерзімдері айқындалсын: 2021-2022 оқу жылының басталуы – 2021 жылдың 1 қыркүйегі", - делінген білім министрінің бұйрығында.

Оқу жылының ұзақтығы бірінші сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12) сыныптарда – 34 оқу аптасы.

Мейрам күндеріне түскен сабақтар оқу бағдарламасы мазмұнының интеграциялануын ескере отырып, қайталауға бөлінген сағат есебінен келесі жұмыс күндеріне ауыстырылады.

Оқу жылы ішіндегі 1-11 (12) сыныптардағы демалыс кезеңдері:

  • күзгі демалыс – 7 күн (2021 жылдың 25-31 қазан аралығы);
  • қысқы демалыс – 11 күн (2021 жылдың 31 желтоқсаны мен 2022 жылдың 10 қаңтар аралығы);
  • көктемгі демалыс – 11 күн (2022 жылдың 21-31 наурыз аралығы);
  • бірінші сыныптардағы қосымша демалыс – 7 күн (2022 жылдың 7-13 ақпан аралығы).

2021-2022 оқу жылындағы жазғы демалыс 26 мамырдан 1 қыркүйекке дейін созылады.

14 маусым 2021, 12:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.