Атырау, 26 сәуір 18:45
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Министр жасөспірімдер арасындағы суицидтің себептерін атады

2 953 просмотра

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жасөспірімдер арасындағы суицидтің себептерін атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министр жасөспірімдер суицидінің азаймай тұрғанына алаңдаушылық білдірді.

"Себептер әртүрлі. Әрбір үшінші жағдайға туыстарымен болған жанжал себеп, жалғыздық сезімінен – 12%, достармен қарым-қатынасын үзу – 10%, оқу орнындағы келеңсіздіктер, материалдық жағдайдың жоқтығы – 3%", - деді Тұрғымбаев халыққа есеп беру кездесуінде.

Айтуынша, биыл 248 жасөспірім өз-өзіне қол салуға әрекет жасаған. Олардың 164-і аман қалды, өкінішке қарай 84 бала көз жұмды.

Сонымен қатар министр жаз мезгілінің келуімен жазатайым оқиғалар артқанын айтты. Балалар арасында ең көп таралған трагедия – олардың терезеден құлауы.

Жыл басынан бері осындай 30 факті тіркеліп, 6 бала мерт болған, 24-і ауруханаға жатқызылды.

Сондай-ақ биыл 43 бала жол апатынан көз жұмды.

11 маусым 2021, 11:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.