Атырау, 14 маусым 22:47
 ашықВ Атырау +30
$ 427.15
€ 519.12
₽ 5.96

"Абу-Даби плаза" кешені тағы да жалақы дауына ілікті

1 869 просмотра

10 маусымда Нұр-Сұлтанда "Абу-Даби плаза" кешенін салып жатқан жүзден астам құрылысшы жалақының кешіктірілуіне наразылық білдірді, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Абу-Даби Плаза кешенінің иесі Arabtec Consolidated Contractors Limited (ACCL) компаниясы кеңсесінің алдына жиналған наразылардың сөзіне қарағанда, екі айдың (сәуір мен мамыр) жалақысын алмағандар 500-ге жетіп жығылады. Олар өздерінің "Казахстан строй техно" және "Қазинжиниринг" компаниясы құрылысшылары екенін нақтылап өтті.

Сәлден соң жұмысшылардың алдына ACCL өкілдері шықты. Бірақ олар қанша адамның жалақы алмағанын айта алмады.

Мен өзім Жетісайдан келгенмін. Ауылдағы бала-шағама ақша салып жіберуім керек. Пәтерақысын төлеу үшін несие алдық. Оның үстемақысы тағы бар. Жаңа 1,5 айдың жалақысын төлейміз дейді. Біз оған келіспейміз. Ол ештеңеге жетпейді. Екі айдың жалақысын толық төлесін" деді құрылысшылардың бірі Тұрсынбек Халықов.

"Казахстан строй техно" компаниясының атқарушы директоры Азамат Нұртаевтың айтуынша, тапсырыс беруші компания құрылыс компаниясына ақша аудармаған. Сол себепті жалақыны кешіктіріп отырғанын жеткізді.

Ал АCCL өкілінің түсіндіруінше, кешен құрылысы халықаралық жоба болғандықтан пандемияның салдарынан туындаған қиындықтар ақша аудару операциясына кедергі келтіріп отыр. Компания өкілі жұмысшыларға 10 маусым кешке дейін жалақыларын аударуға уәде берді. Ал наразылар жалақы бермейінше, құрылыс алаңына бармайтынын айтып, компания кеңсесі алдында кешке дейін күтетін болып өзара келісті.

2009 жылы президент Нұрсұлтан Назарбаев қатысуымен құрылысы басталған, Орталық Азиядағы "ең биік ғимарат болады" делінген кешен алғаш рет дауға ілігіп отырған жоқ. Былтыр кешенді салып жатқан құрылысшылар жалақы өсіруді және еңбек жағдайын жақсартуды талап етіп, наразылыққа шыққан. Сәуір айында да "Абу-Даби плаза" кешені төңірегінде жалақы дауы туындаған.

2017 жылы қыркүйекте "Абу-Даби Плазада" жергілікті және шетелдік жұмысшылар төбелескен. Қазақстан билігі төбелесті "тұрмыстық жанжал" деп, екі адамның жарақаттанғанын хабарлаған.

10 маусым, 16:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.