Атырау, 27 сәуір 21:17
 ашықВ Атырау +15
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Халық алдына шығып, жұмыс істейтін кезің келді. Нығматулин Цойға дүрсе қоя берді

1 868 просмотра

ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға өз ведомствасы жұмысының олқылығын білу үшін емханаға барып, халықпен сөйлесуді ұсынды, деп хабарлайды zakon.kz.

Құрметті министр мырза, Сізге елдің алдына шығатын уақыт келді. Санитарлық дәрігердің қаулысы арқылы адамдармен "сөйлесуді" тоқтатыңыз. Ауруханаға, емханаға барыңыз, лаж болса, аудандыққа. Онда кезекте тұрған адамдармен сөйлесіңіз. Сол кезде медициналық көмектің сапасы туралы көп нәрсе біле аласыз деп ойлаймын, - деді Мәжіліс спикері үкіметтің 2020 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін талқылау кезінде.

Нұрлан Нығматулин министрден тезірек жинақталып, адамдармен, журналистермен қарым-қатынасты дұрыс орнатуға тырысуды сұрады.

Алексей Владимирович, қазір денсаулық сақтау жүйесіне оңай болып жатпағанын, бәрі де қордаланып қалғанын түсінеміз. Бірақ абыржудың уақыты өтті, енді жинақталатын уақыт келді. Коммуникация орнатыңыз, Орталық коммуникациялар қызметі деп аталатын зал арқылы ғана емес. Қағаздан немесе суфлерден оқып бере саласыз, содан соң кете бересіз, журналистердің қойған сұрақтарының жартысына жауап те бермейсіз. Барып, адамдармен сөйлесіңіз, біз кім үшін жұмыс істеп жатырмыз мұнда? Олар біздің сайлаушыларымыз. Ел басшылығы сізді қолдады, Парламент сізді қолдады, министрлікке бұрын-соңды болмаған қаражат бөлінді, жұмыс жасайтын кез келді, - деді Палата төрағасы.

Айта кетейік, бүгін үкімет пен есеп комитетінің 2020 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы бойынша есеп Мәжілісте талқыланып жатыр.

9 маусым 2021, 14:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.