
Кәріздік-тазарту құрылғысын (КТҚ) қайта жарақтауға Атырау қаласының әкімдігі 18 миллиардтан астам теңге бөлді. «AЖ» егжей-тегжейін білу үшін қала әкімшілігінің баспасөз қызметіне жүгінді, бірақ жауап алған жоқ.
Өз білгенімізді айтайық. КТҚ негізгі кәріздік сорғы станциясынан 3,5 км солтүстік-батыс алаңында, қолданыстағы Квадрат буландырғыш тоғанының маңында орналасқан. Жобаға тапсырыс беруші - қалалық ТКШ бөлімі, лотты ұйымдастырушы - Атырау облысының қаржы басқармасы. Конкурсқа қатысуға өтінім қабылдау 8 маусымда басталып, 23 маусымда аяқталады.
Жобаға 18 миллиард 390 миллион 902 мың теңге бөлінген. Қайта жарақтау биыл басталып, 2023 жылы аяқталуы керек.
- Жаңа КТҚ өңірдегі экологиялық ахуалды жақсарту үшін қажет, олар ағынды суларды Атырау қаласының техникалық қажеттіліктері үшін пайдалануға мүмкіндік беретін деңгейге дейін тазартуды қамтамасыз етеді, - делінген лот мәтінінде.
Осы тендер бойынша комиссия төрағасы – Атырау әкімі Қайрат Оразбаев, комиссия мүшелері - қалалық ТКШ бөлімінің басшысы Әлібек Мұханбеталиев, облыстық қаржы басқармасының басшысы Азамат Сәлімбаев және оның орынбасары Тілекқабыл Байдошев.
Фархат ӘБІЛОВ
В Атырау 0