Атырау, 12 қыркүйек 19:12
 дождьВ Атырау +24.1
$ 450.91
€ 522.69
₽ 5.33

Қарағандыда саябақтағы жаппай төбелестен кейін шенеуніктер жазаланды

3 316 рет қаралды

Қарағандыда 1 маусым, Балаларды қорғау күніне орай Орталық мәдениет және демалыс саябағында аттракциондар тегін жұмыс жасады. Осыған байланысты саябақта кезек пайда болып, оған таласқан әйелдер жанжал шығарды. Осы оқиғаға қатысты шенеуніктер жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды облысы әкімі Жеңіс Қасымбек 1 маусымда орталық саябақта санитария нормасы мен талабы сақталмағаны және қамтамасыз етілмегені үшін шенеуніктерді жазалады. 

Мәдениет және демалыс саябақтары басқармасының басшысы Мәдина Әшірова қызметінен босатылады. Қарағанды әкімінің екі орынбасары - Нұрлан Бикенов пен Халел Әкімжановқа, сондай-ақ мәдениет бөлімінің басшысы Баян Нұртаеваға сөгіс жарияланған.

2 маусым 2021, 18:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.