Атырау, 11 қазан 19:20
 ашықВ Атырау +7
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

26 жастағы мұғалім Шарында балаларды құтқарамын деп қаза болды

2 073 просмотра

Алматы қаласындағы № 199 гимназияның 26 жастағы мұғалімі Мерей Ибрагимов Шарын шатқалында оқушыны құтқарамын деп қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

Алматы қаласы білім басқармасының мәліметінше, марқұм Мерей Ибрагимов көркем пәндерден сабақ берген. Оның жалпы педагогикалық өтілі - 5 жыл. № 199 мектепте 3 жыл жұмыс істеген.

Білім басқармасындағылар ол өте жауапты мұғалім екенін және барлық оқушының сүйікті ұстазы болғанын айтты.  

"Ол өз ісінің шебері болған. Ерекше жарқын шығармашылық тұлға, өмірде көшбасшы, ұмтылысы биік, әрдайым күлкі сыйлайтын компанияның жаны еді", - дейді олар.

Куәгерлердің айтуынша, қайғылы оқиға кезінде Мерей Ибрагимов балаларға көмектескен.

Сурет: Instagram

Еске салайық, 29 мамырда Алматы облысының Ұйғыр ауданындағы Шарын шатқалында қайғылы оқиға болды. Сел жүріп алты адам жарақат алды, 2 адам қаза тапты. Сел тасқыны ауа райының күрт өзгеруінен болған. Бұл жерде нөсер жаңбыр болып, шамамен 15 минут бұршақ жауып өткен.

Кейін Білім және ғылым министрлігі Шарын шатқалындағы селден Алматы қаласындағы №199 гимназияның оқушысы мен мұғалімі қаза тапқанын хабарлады.

31 мамыр 2021, 14:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.