Атырау, 11 қазан 19:19
 ашықВ Атырау +7
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Иманбек өз атынан парақша ашқан алаяқтардың жымысқы әрекеті туралы айтты

1 713 просмотра

Музыка саласындағы Grammy сыйлығының иегері қазақстандық Иманбек Зейкенов желідегі оқырмандарын bitclout.com жобасының қолданушысы емес екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik басылымы.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында Иманбек атынан криптовалютаны сатып алғысы келетіндерге арналған жарнама фотосын жариялады.

"Бұл фейк. Өзіңізді алдауға жол бермеңіз", - деп жазды диджей.

BitClout әлеуметтік желісі наурыздың соңында іске қосылды, ол блокчейн технологиясы негізінде жұмыс істейді және Twitter-дің аналогы саналады.

Imanbek предупредил казахстанцев об использующих его имя мошенниках Иманбек өз атынан парақша ашқан алаяқтардың әрекетіне сенбеуге шақырды

Пайдаланушы профиліне валюта тіркелген, оның құны адамның қаншалықты танымал болғанына байланысты.

Кейбіреу жаңа жобаны Twitter-дің қолданушыларын бұғаттауына қатысты жауабы деп қабылдаса, енді бірі кезекті қаржы пирамидасы деп санайды.

Айта кетейік, мұндай жағдайға тап болған жалғыз Иманбек емес. Бұған дейін жобаны әзірлегендер Twitter-ден 15 мың негізгі аккаунтты алып, атақты адамдардың рұқсатынсыз олардың атымен BitClout-та парақша ашқан.

31 мамыр 2021, 11:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.