Атырау, 11 қазан 19:25
 ашықВ Атырау +7
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Мамандандырылған ХҚКО-лар жұмысын уақытша тоқтатты

2 546 просмотра

Қазақстанда мамандандырылған ХҚКО-лар Ішкі істер министрлігі жүйесіндегі ақауға байланысты жұмысын тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақпаратты "Азаматтарға арналған үкіметтің" баспасөз қызметі растады.

"ІІМ Әкімшілік полиция комитеті жүйесінің істен шығуына байланысты Қазақстан бойынша мамандандырылған ХҚКО қызметтері қолжетімсіз. Кешірім өтінеміз. Мамандар жауапты мемлекеттік органмен бірлесіп техникалық ақауларды жойып жатыр. Қашан жұмысқа оралатынымызды кейінірек қосымша хабарлаймыз", - деді мемлекеттік корпорация өкілдері.

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, шамамен 12.00-ден бастап жүйеге кіру қиындаған. 

"Мамандандырылған ХҚКО-ларда көрсетілетін қызметтердің барлығы дерлік - автокөлікті тіркеу, айыппұлдар, жүргізуші куәлігін беру - солардың сервистері", - деді олар.
25 мамыр 2021, 17:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.