Атырау, 23 ақпан 18:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.66
€ 581.87
₽ 6.43

Imanbek тағы бір марапатқа ие болды

Бейнежазба
1 857 рет қаралды

Қазақстандық диджей Иманбек Зейкенов (Imanbek) Billboard Awards жүлдесінің иегері болды. Бұл туралы музыкант Instagram-парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Иманбек Зейкенов Saint JHN-ның Roses әніне жасаған ремиксі үшін "үздік электрон ән" номинациясында марапатқа ие болды.

"Billboard Awards марапатын алдым. Ол да Grammy сияқты, тағы бір сыйлық қанжығада", - деп жазды музыкант.


Жанкүйерлер әншіні құттықтап жатыр: "Бәрекелді!", " Аңыз адам! Осылай жалғастыра бер, бауырым!", "Керемет! Құттықтаймын!".

Billboard Music Award - музыкалық чарттардағы үздік жетістіктері үшін америкалық музыкалық баспа Billboard басылымы беретін музыкалық сыйлық.

Айта кетейік, осы композиция үшін Иманбек Зейкенов Grammy алған болатын.

24 мамыр 2021, 10:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.