Атырау, 18 желтоқсан 17:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

Қазақтың танымал кинорежиссері Едіге Болысбаев көше кезіп жүр.

9 359 просмотра

ULT.KZ. "Қазақтың танымал кинорежиссері көше кезіп жүр" - Қырық жылдан астам қызмет еткен «Қазақфильм» киностудиясы да қарияны қақпадан асырмайтын көрінеді бүгінде. Қоржынында 100-ге жуық қысқа метражды және 8 көркем фильмі бар Болысбаев болса әлі күнге кинодан үмітін үзген емес. 

MASA.KZ. Ауыт МҰҚИБЕК, ақын: Көші-қон комитетін оралманға басқарту керек - «Солтүстік облыстарымыз бос жатыр, сол жаққа шеттен келген ағайынды қоныстандырайық» деп күнде айтамыз. Соның механизмін тапқан бір азамат бар ма? Солтүстіктегі ауылдардың инфроқұрылымын дамытып, оралмандарды апарып төгейікші. Несиесін берейік. 5 жыл ешқайда көшпеуге міндеттейік. Онсыз да өздігінен келіп, мыңдап қой айдап жүрген қандастарымыз жетерлік. Бірер жылда-ақ далаңызды төрт-түлік малға толтырып жіберсін".

KTK.KZ. Қырғыз-өзбек шекарасындағы кикілжіңнің табы әлі басылмай тұр - Өзбекстан тарапы аяқасты Қырғыз еліне өтетін барлық теміржолдарды да жауып тастады. Салдарынан айыр қалпақты ағайынның теміржол бойындағы жүздеген елді-мекені қазір ас-сусыз отыр.

AZATTYQ.ORG. Ұлыбритания Еуропа Одағынан шықса, не болмақ? - Сарапшылар Ұлыбритания одақ құрамынан шығып кетсе, ұйымға қандай әсері болатыны жайлы әртүрлі болжам айтады. "Ұлыбритания ЕО-дан шығып кетсе, ұйым әскери, дипломатиялық салаларда әлсізденіп, экономикалық қуатынан айырылуы мүмкін", – дейді Халықаралық бейбітшілік жөніндегі Еуропа Карнеги қорының өкілі Стефан Лене.

23 қаңтар 2013, 13:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.