Атырау, 23 желтоқсан 11:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​ Ashyq жүйесіндегі ақауға қатысты цифрлық даму министрлігі түсініктеме берді

2 576 рет қаралды

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ashyq жүйесінде орын алған техникалық ақауға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Ashyq» жобасының қызметі толықтай «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-на берілді. Қазіргі уақытта барлық проблема шешілді. Қосымшаны қолданушы адам санының шамадан тыс көп болуынан техникалық қателіктер орын алды», - деді аталған министрліктің Цифрлық шешімдер департаментінің директоры Болатбек Молдабеков. 

Оның айтуынша, бүгінде аталған қосымшаны 1 млн 600 мыңнан астам адам белсенді қолданады. »Сандар жылдам өсуде. Біздің акционерлік қоғам үлкен жүктемемені игере алады. Бүгіннен бастап ешқандай проблема болмайды. Және жүйе ақаусыз жұмыс істеуі үшін жанама түрі әзірленеді. Сондықтан мәселе туындамайды«- дейді ол.

21 мамыр 2021, 11:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.