Атырау, 23 желтоқсан 11:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Атақты актер Фархат Әбдірайымов бақилық болды

2 225 рет қаралды
Сурет: Игорь Заритовский/yvision.kz

Грузияда түсірілім алаңында актер Фархат Әбдірайымов қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Грузияда фильм түсірілімінде актер және жай ғана жақсы адам Фархат Әбдірайымов қайтыс болды. Қаңтарда ол 55 жасқа толды", - деп жазды журналист Михаил Козачков Telegram-да.

Фархат Әбдірайымов 1966 жылы 21 қаңтарда Алматы қаласында туған.

Күні кеше, 20 мамырда Фархат Әбдірайымов Facebook және Instagram желісіндегі парақшаларында Тбилисиде түсіріліп жатқан "Больше, чем любовь" фильмінің алаңынан видео бөліскен. 

Актер Алматы технологиялық университетінің технологиялық факультетін бітірген "инженер-технолог" мамандығы бойынша бітірген болатын. 20-дан аса фильмде эпизод, басты рольдерде ойнаған. Оның ішінде, "Фара", "Сказ о розовом зайце", "Рэкетир-2", "Возвращение в А" және тағы басқасы.

21 мамыр 2021, 09:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.