Атырау, 18 желтоқсан 17:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

"Дәл қазір бізге қажет ең басты экономика – ұлттық рух! Ұлттық рухымызды шайқалтып отырған Ресейдің ақпараттық экспансиясы".

2 407 просмотра

HALYKSOZI.KZ. «Берік ӘБДІҒАЛИЕВ: Астанаға шақырып жатқаны рас, өзіме салса, осы жұмысымды істей бергім келеді» - Біздің қоғам Ресейдің ықпалынан қорқады. Халықтың көкейінде «Ресейдің қолтығына қайтадан кіріп барамыз» деген алаңдаушылық бар. Кеше Елбасының латын қарпі дегені де бекер емес. Біз енді қазақ тілін, ұлттық рухымызды сақтап қалуға білегімізді сыбанып кірісуіміз керек. Ертеңгі күні Қазақстанның кәстөмін киіп алып, Қазақстанда шығарылған телефонмен сөйлесіп, Қазақстанның көлігіне мініп алып, орысша шүлдірлеп жүргеніміздің не керегі бар?! Ондай «казахский экономиканың» не керегі бар?!.

AZATTYQ.ORG. «Жоғалған он миллиард» қызу талқыланып жатыр - "Миллиардерлердің жоғалғаны туралы әңгіме бітіп, енді миллиардтар жоғалу туралы әңгіме басталды".

EGEMEN.KZ. Тәуелсіздік шотландықтарға не береді? - Шотландия Англиядан бө­лініп, жеке дербес мемлекет бол­ғысы келеді. Бір кезде Англия да, Шотландия да жеке корольдіктер бол­ған. Тіпті, олар бір-бірімен талай со­ғысқан да. Осыдан 300 жыл бұ­рын, нақтырақ айтсақ, 1707 жылы екі корольдік қо­сы­лып, құрама корольдік деп аталды. Бұлардың қатарына Уэльс, Сол­түс­тік Ирландия қосылып, ұлы держава Ұлы­британияны құрап отыр.

AIKYN.KZ. Бала туу да базарға айналғаны ма? - Қазақта «құрсағы алтын аналар» деген ұғым бар, ол өте көп сәбиге өмір сыйлаған асыл аналарға қатысты қолданылады. Әйткенмен сонша еңбек сіңірмесе де, бала тууын мемлекетке «ат басындай алтынға» бұлдаған әйелдер бар болып шықты.  

MUSLIM.KZ. Қырғыз армиясы мен түрмелеріне имамдар қажет - «Дін, құқық және саясат» тәуелсіз сараптамалық орталығының директоры Қадыр Мәліков Қырғыз Республикасының барлық күштік құрылымдары мен Мемлекеттік жазаны орындау қызметіне (МЖОҚ) әскери имам институтын енгізу қажет деп есептейді.

BAQ.KZ. Шымкентте екі айлық нәрестенің шетінеуіне екпе себеп болған - Қара жамылған ата-ана бұл оқиға дәрігер салғырттығынан болды деп отыр. Ал бұл отбасының туыстарының айтуынша, екпе салардан бірнеше күн бұрын дәрігерлер баланы УЗИ аппаратына түсіріп, нәрестенің бассүйек қуысында жеңіл қысым бар деген қорытынды ұсынған.

NURASTANA.KZ. Судьялар да «жылайды» - Таяуда Жоғарғы соттың судьясы Анатолий Смолин журналистерге берген сұхбатында әріптестерінің еңбекақысы мардымсыз екендігін жеткізіпті. "Судьялардың жалақысы сіздер ойлағандай көп емес, ұлттық компаниялардың кез келген жұмысшысы 2-3 есе көп алады. Қалалық және аудандық судьялардың айлығы –180 мың теңге шамасында. Жұмыстың қиындығы мен жұрт алдындағы жауапкершілікті ескерсек, бұл көп ақша емес", - дейді А. Смолин.

25 қаңтар 2013, 12:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.