Атырау, 19 сәуір 12:22
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

​Алматы облысында үш жасар қыз жүріп бара жатқан көліктен құлап түсті

2 046 просмотра

Алматы облысында жүріп бара жатқан Hyundai Elantra көлігінен үш жасар қыз құлап түсті. Оқиға 17 мамырда таңертеңгі сағат 10 шамасында болған. Полиция көлік жүргізушіні анықтады, 32 жастағы әйел –  құлап кеткен қыздың анасы. Оқиға болған кезде қыз артқы жолаушылар орнында отырған, алайда қауіпсіздік белдігін тақпаған, деп хабарлады Polisia.kz.

Қыздың денсаулығына зиян келмеген, полиция қыздың анасымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 593-бабының 1-бөлігі (жол жүрісі қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) бойынша әкімшілік іс жүргізу басталды.

Әйелге 5 айлық есептік көрсеткіш (14 585 теңге) мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін.


17 мамыр 2021, 16:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.