Атырау, 29 наурыз 13:13
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Қазақ даласында киік төлдеп жатыр

2 467 просмотра
Сурет: ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі

Қазақстан аумағындағы киік мекендейтін өңірлерде (10 облыс) ағымдағы мамыр айының соңына дейін жалғасатын киіктің төлдеу кезеңі басталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Осыған байланысты, мамыр айының басынан бастап, төлдеу үшін қауіпсіз жағдай жасау мақсатында, киіктер жиналатын және қоныс аударатын жерлерде күшейтілген рейдтер жүргізілуде.

Осы іс-әрекеттің барлығын бақылау үшін, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Ақмола облысының Жақсы ауданына баспасөз турын ұйымдастырды.

Бұған дейін хабарланғандай, бұйрық негізінде табиғатты қорғау құрылымдарының қатысуымен (ҚР ІІМ, ҚР ҰҚК, ҚР ЭГТРМ) кең ауқымды "Киік" табиғатты қорғау акциясы өткізілуде.

Акция аясында, киіктер мекендейтін (шоғырланған) және төлдейтін учаскелерде блок-бекеттер қою арқылы қорғау іс-шаралары күшейтілді.

Акцияға экология министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Охотзоопром "ӨБ" РМҚК 200-ден астам инспекторы жұмылдырылды.

Айта кету керек, киіктердің Дүниежүзілік популяциясының 90%-дан астамы Қазақстанға тиесілі.

Мұнда киіктердің Бетпақдала, Орал және Үстірт секілді 3 популяциясы мекендейді.

Айдың басынан бастап қолайлы ауа-райына байланысты киіктің төлдеуі тұрақты күйде өтеді, алаңдаушылық факторлары байқалмайды.

2019 жылғы есеп бойынша жануарлардың саны 334 400 басты құрады:

Бетпақдала популяциясы - 111 500 басты,

Орал популяциясы - 217 000 басты,

Үстірт популяциясы - 5 900 басты.

2020 жылы пандемияға байланысты есеп жүргізілген жоқ. Қазіргі уақытта, есеп қайта жаңартылды, оның нәтижелері ағымдағы жылдың соңында алынады.

Естеріңізге сала кетейік, осы жануарлардың санын арттыру және сақтау үшін министрлік ғылыми мақсатта пайдаланудан басқа, Қазақстанның барлық аумағында киіктерді, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға 2023 жылға дейін тыйым салды.

Сондай-ақ, осы мақсатта ҚР Қылмыстық кодексінде киіктерге браконьерлік жасағаны үшін, тіпті 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға және мүлкін тәркілеуге дейінгі жазалау шаралары қатаңдатылды.

17 мамыр 2021, 16:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.