Атырау, 25 сәуір 10:35
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Интерпол АҚШ-та жасырынған үш қазақстандықты ұстады

1 545 просмотра

АҚШ-та жасырынып жүрген үш қазақстандық ұсталды. Олар аса ірі көлемдегі алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Интерполдың Қазақстан ІІМ Ұлттық орталық бюросы АҚШ құзыретті органдарының көмегімен Америка аумағында жасырынып жүрген үш қазақстандықты анықтап, ұстады. Олар Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін Қазақстан полициясының сұрауы бойынша халықаралық іздеуге жарияланған. Өткен аптада олар Қазақстанға жер аударылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз брифингте.

Ол соңғы уақытта шет мемлекеттердің аумағында қылмыскерлерді ұстау географиясы едәуір кеңейгенін айтты. Соңғы бес жылда ТМД елдерінде, сондай-ақ ГФР, Грузия, Түркия, АҚШ, Израиль, Араб Әмірліктері, Финляндия, Ұлыбритания, Канада, Сенегал, Испания, Таиланд, Румыния, Португалия, Болгария, Австрия, Қытай, Швеция, Македония, Польша, Дания, Греция, Хорватия елдерінде іздестірілген адамдар анықталып, ұсталды.

17 мамыр 2021, 12:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.