Атырау, 9 мамыр 00:49
 ашықВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

АҚШ Конгресінің мұрағатынан Turkestan әні табылды

2 278 просмотра

Turkestan әнінің пластинкасы АҚШ Конгресс кітапханасының архивінен табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.⠀

Түркістандағы "Farab" кітапханасының ғылыми-зерттеу еңбегінің нәтижесінде бұл әннің пластинкасы АҚШ Конгресс кітапханасының архивінен табылғаны хабарланды.

"Түрлі мұрағаттық деректер бойынша, пластинка 1906 жылы немесе 1919 жылы жазылған болуы мүмкін. Бұл ән 1919 жылы Бродвей хиті болды", - делінген хабарламада.
Turkestan сөзін - Бобби Джонс (Bobby Jones), музыкасын - Джек Стерн (Jack Stern) жазған, ал орындайтын - "American Quartet" тобы.

Конгресс кітапханасы (the Library of Congress) - АҚШ-тың үш жоғары федералды мемлекеттік органының біріне ресми қызмет көрсететін және елдің де-факто ұлттық кітапханасы саналатын ғылыми-зерттеу кітапхана. Ол әлемдегі ең үлкен кітапхана дәрежесіне үміткер. Онда әлемнің барлық бөлігінен 450-ден аса тілде зерттеу материалдары жиналған.

12 мамыр 2021, 15:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.