Атырау, 23 желтоқсан 13:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Қазақстан Президенті Конституциялық Кеңеске өтініш жолдады

2 463 рет қаралды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық Кеңеске өтініш жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство сайтына сілтеме жасап.

"Конституциялық Кеңес Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 8 сәуірде парламент қабылдаған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңның Конституцияға сәйкестігін қарау туралы өтінішін іс жүргізуге қабылдады", - делінген ресми хабарламада.

Конституциялық Кеңес отырысына материалдарды дайындау жұмысы басталды.

Конституциялық Кеңесте құқық қорғау, ғылым және өзге де ұйымдар мен мәселелерге маманданған тұлғалар өз қорытындыларын gulmira@ksrk.gov.kz электрон поштасына жібере алатыны айтылды.

Конституциялық Кеңес - бұл Қазақстандағы конституциялық бақылаудың ұжымдық органы. Ол 7 мүшеден тұрады. Конституциялық Кеңестің төрағасы мен екі мүшесін Президент, ал екі мүшесін тиісінше Сенат пен Мәжіліс 6 жыл мерзімге тағайындайды. Нұрсұлтан Назарбаев - Конституциялық Кеңестің тұрақты мүшесі. Қазіргі төраға - Қайрат Мәми.

12 мамыр 2021, 14:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.