Атырау, 22 қараша 23:08
 ашықВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Балықтың қырылу ауқымы белгілі болды

3 484 просмотра

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы өткен аптада қырылған балық санын хабарлады. Бесікті маңындағы Безымянное су қоймасында 2 мамыр мен 9 мамыр аралығында 6,8 тонна балық қырылып, 25 тоннадан астамы құтқарылды. Ақтоғай ауылының жанындағы Бақсай каналында 4,6 тонна қаракөз қырылып, 8,1 тоннасы құтқарылды. Құрманғазы ауданындағы Шарон өзенінде 700 кг балық жойылды. Онда балық түгел қырылды.

Брифингте облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур СӘДІБЕКҰЛЫ хабарлағандай, балықтың қырылуына судың таяздығы мен оттегінің жетіспеушілігі басты себеп болған.

Безымянное мен Бақсайда балық шаруашылығы субъектілері балықты мелиорациялық аулау жұмыстарын бастады. Сондай-ақ, сайларға балық түспеу үшін торлар орнатылады.

- Көктем басталғанда облыстың балықтың қырылу қаупі бар 52 су қоймасында балық уылдырық шашуға кедергісіз кіру үшін арналар мен өзен тарамдарын тазарту жұмыстары жүргізілді. Айта кету керек, бұл жұмыстарға бюджеттен ақша бөлінбейді, - деді А.Сәдібекұлы.

Біздің сұрағымызға жауап бере отырып, ол балықтың қырылуына құқық қорғау органдары заңды баға беруі керек деді. Айтпақшы, әр су қоймасын арнайы құрылған комиссия зерттеп, зерделеді. Қазіргі уақытта іс бойынша қылмыстық құрам жоқ.

«AЖ»-ның балықтың көктемгі қырылуын болдырмай, дайындалуға болмады ма деген сұраққа, облыстың бас балық қызметкері бұл жерлер мемлекеттік орман қорына жатады және ол жерде профилактикалық жұмыстар жүргізуге болмайды деп жауап берді.

- Балықтың қырылатынын болжай алмайсың - бұл табиғи құбылыс. Дұрысында, алдымен су, содан кейін балық кіруі керек еді, ал бізде бәрі қатар болған, - деді А.Садикбеков.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА 

12 мамыр 2021, 10:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.