Атырау, 24 сәуір 19:23
 ашықВ Атырау +14
$ 518.34
€ 591.06
₽ 6.27

Зеленский: Донецк облысында қытайлық әскерилер тұтқынға алынды

648 просмотра

Украина президенті Владимир Зеленский Донецк облысында Ресей жағында соғысқан екі қытайлық әскери тұтқынға алынғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің Telegram-арнасында хабарлады.

Зеленскийдің айтуынша, Киевте Қытай азаматтарының Ресей армиясының басқа бөлімшелерінде де соғысқаны туралы ақпарат бар. Қазіргі уақытта бұл деректерді украиналық арнайы қызметтер мен әскери органдар тексеруде.

Президент Украина сыртқы істер министріне Пекинмен дереу байланыс орнатып, Қытайдың бұл жағдайға қалай жауап беретінін анықтауды тапсырғанын айтты.

«Ресейдің Еуропадағы бұл соғысқа Қытайды тікелей немесе жанама түрде тартуы – Путиннің соғысты аяқтаудан басқа кез келген әрекетке дайын екенін көрсететін айқын белгі. Ол соғысты жалғастырудың жолдарын іздеуде. Бұл жағдайға АҚШ, Еуропа және әлемдегі бейбітшілікті қалайтын барлық тараптардың реакциясы қажет», – деп жазды Зеленский.

Қазіргі уақытта тұтқынға алынған қытай азаматтары Украина қауіпсіздік қызметінің қарауында.

«Тиісті тергеу және жедел іс-шаралар жүргізілуде», – деп қосты ол.

8 сәуір, 19:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.