Атырау, 14 қаңтар 20:56
 қар жаууы ықтималВ Атырау -4
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Қазақстанда қанша ҰОС ардагері қалды?

3 902 рет қаралды

Қазақстанда Ұлы Отан соғысының 665 ардагері қалды. 2020 жылы ғана олардың саны 1025 еді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"2020 жылы 1025 ардагер болса, биыл - 665. Ардагерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды, соның ішінде тыл еңбеккерлерін алатын болсақ, олардың саны 127 мыңнан 114 мың адамға дейін қысқарды", - деді Әукенов ОКҚ онлайн-брифингінде.

Бұған дейін 9 мамырға Қазақстанда ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне 6,4 миллиард теңге төлемге жұмсалатыны хабарланған болатын.

6 мамыр 2021, 16:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.