Атырау, 23 желтоқсан 14:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Мұнай кеніштері онлайн аукцион арқылы 13 есе қымбатқа сатылған

3 041 рет қаралды

Энергетика вице-министрі Жанат Жахметова орталық коммуникациялар қызметінде көмірсутектерді барлау жəне өндіру құқығына арналған онлайн аукционның нəтижелерін қорытындылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Министрлік өкілінің сөзінше, отын-энергетика кешеніндегі Е-аукцион сервисі 2020 жылдың 1 қыркүйегінде іске қосылған. Алғашқы онлайн аукцион былтыр 23 желтоқсанда өткен болатын. Ал соңғысы биыл 23 сәуірде 8 учаске бойынша ұйымдастырылған.

«2021 жылғы 23 сәуірде өткен екінші электрондық аукционға бастапқы қол қою бонусы 713 млн теңге болатын 8 мұнай-газ учаскесі қойылды. Ал қол қою бонусының жиынтық сомасы бастапқы қол қою бонустан 13 есе асып, 9,3 млрд теңгені құрады. Көмірсутектерді барлау және өндіру үшін мемлекет ұсынатын 8 учаскенің жалпы ауданы 2 мың шаршы шақырымнан асады», - деді Жанат Жахметова.

Вице-министр бұл жолы аукцион өткен залдан онлайн-көрсетілім ұйымдастырылғанын да еске салды. «Бұл оның Қазақстаннан да, шетелден де өтуін бақылауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, цифрлық форматта өткізілген аукциондардың мұрағаты сақталып отыр», - деді министрдің орынбасары.

6 мамыр 2021, 10:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.