Атырау, 14 мамыр 03:37
 ашықВ Атырау +27
$ 427.55
€ 515.84
₽ 5.75

Жұма намазын оқуға рұқсат берілді

1 576 просмотра

Қазақстанда 3 мамырдан бастап жұма намазын ашық ауада оқуға рұқсат берілді. Бұл туралы елдің бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысында жазылған, деп хабарлайды Sputnik.kz.

Қаулыға сәйкес, елдегі мешіттер аумағында жұма намазын оқуға рұқсат беріліп отыр.

"Мешіттер, православие шіркеулері және басқа да діни объектілер аумағында ұжымдық діни іс-шараларды (оның ішінде "жұма намазы", күнделікті православиелік дұғалар және басқаларын) ашық ауада өткізу маска режимі мен бір адамға кемінде 4 метр есебінен әлеуметтік арақашықтық сақталған кезде жүзеге асырылады", - делінген қаулыда.

Қаулы 3 мамырдан бастап күшіне енді.

Айта кетейік, 2021 жылы Рамазан айы 13 сәуірде басталды. Қасиетті ай 12 мамырға дейін жалғасады. 8 мамырдан 9 мамырға қараған түн – Қадір түні.

Рамазан айы басталған күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдады. Кездесу барысында президент көпшілікті сабырға шақырып, елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталатынына, мешіттердің толық ашылатын күні алыс емес екеніне сенім білдірген болатын.

4 мамыр, 11:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.