Атырау, 23 сәуір 12:09
 бұлттыВ Атырау +26
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Алматы әуежайы түрік компаниясының иелігіне өтті

4 073 просмотра

TAV Airports компаниясы мен Kazakhstan Infrastructure Fund қоры Алматы әуежайын сатып алу жұмыстарын аяқтады. Қазақстандық әуе айлағы TAV портфеліндегі 15-ші және компания концессияның уақытша шарты негізінде емес, меншік құқығымен басқаратын бірінші атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz TAV Airports-ке сілтеме жасап. 

"Мәміле бойынша есеп айырысу аяқталғаннан кейін TAV әуежай мен отын жеткізу және тамақтану қызметтерін ұсынатын байланысты кәсіпорындардың 85 пайызының бенефициарлық иесі болады.
Акциялардың қалған 15 пайызы VРЕ Capital басқаратын Kazakhstan Infrastructure Fund қорына тиесілі. Қорд инвесторы - "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ", - делінген хабарламада.

Еске салайық, Алматы әуежайының сатылатыны туралы 2020 жылдың мамырында белгілі болған еді. Түркиялық TAV Airports Holding холдингі Алматы әуежайы акциясының жүз пайызын 415 миллион долларға сатып алған хабарланған болатын. 

30 сәуір 2021, 15:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.