Атырау, 23 желтоқсан 14:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Елімізде мереке күндері 36 градусқа дейін күн ысиды

3 583 рет қаралды

Қазгидромет мереке күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.

Сәуірдің соңғы күндерінде Қазақстан аумағына антициклонның енуімен республиканың көптеген облысында ауа температурасының төмендеуі күтілуде. Алайда, 2 мамырдан бастап биіктік жоталары елдегі ауа райына әсер етіп, жылы ауа массаларын алып келеді. Оңтүстік өңірлерде ауа температурасы 17...27°С-тан 28...36°С-қа дейін, солтүстік өңірлерде 10...18-ден 15...23°С-қа дейін көтеріледі деп болжануда. 

Бірақ циклондар да көп күттірмейді – 1 мамырда еліміздің оңтүстік-шығысы мен шығысында жаңбыр жауады, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. 

2 мамырдан бастап батыс аймақтарға Солтүстік-батыс циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер ете бастайды, олар солтүстік аймақтар арқылы жылжып, бұл аудандарда жаңбыр жауады.

30 сәуір 2021, 09:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.