Атырау, 12 қазан 01:28
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Шетелге жылына бір рет қана шығуға болатыны туралы ақпарат жалған

3 010 просмотра

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде ҚР ІІМ қазақстандықтарға шетелге жылына бір рет қана шығуға мүмкіндік беретін заң жобасы әзірленіп жатқандығы туралы хабарлама таратылуда. Бұл – фейк, деп хабарлайды stopfake.kz.

Бұл «жаңалықтың» түпнұсқасы Instagram-дағы Qaznews24 сатиралық паблигінен алынған. Бұл аккаунттың профилінде барлық жарияланымдардың шынайы емес, тек көңіл көтеру мақсатында ойлап табылатындығы және шындыққа еш қатысы жоқ деп жазылған.

Дегенмен, блогерлер хабарламаны дереккөзді көрсетпестен таратып, оқырмандарды «жаңалықтың» шынайылығына сендірген.

ҚР ІІМ шетелге шығу санын шектеу туралы ақпаратты жоққа шығарды.

– Инстаграм қолданушысы көші-қон саласындағы халықаралық келісімдерге қатысты жалған ақпарат жариялады. ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитеті ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. ІІМ өз кезегінде келісімдерге қол қою кезінде ең алдымен азаматтарымыздың конституциялық құқықтарын қорғауды басшылыққа алады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 21-бабының 2-тармағына сәйкес, «Әркімнің Республикадан тыс жерлерге кетуіне құқығы бар. Республика азаматтарының Республикаға кедергісіз қайтып оралуына құқығы бар», – делінген ведомство жауабында.

ҚР ҚК 247-бабына сәйкес, жалған ақпарат тарату заң бойынша қудаланады.

29 сәуір 2021, 15:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.