Атырау, 12 қазан 05:26
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Орталық көпір жуыла бастаса, бізге Президент келеді деген сөз

Сурет Бейнежазба
3 447 просмотра

Осы аптада Атырауға ҚР Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ келеді деп күтілуде. Қалыптасқан әдет бойынша, жергілікті билік алдын-ала дайындала бастады.

Мемлекет басшысы Атырауға келеді деген қауесеттің тарағанына бір айға жуық уақыт болды. Бекер емес - «АЖ» мәліметі бойынша, ол 22 сəуірде келеді.

Қала тұрғындары, мысалы, Әбілқайырхан мен Сәтпаев даңғылдарының әдеттен тыс тазарғанын байқады. Сәтпаев даңғылы жолды жамау жұмыстарын жасау үшін түнде бірнеше рет жабылған. Жолдарда жаңа белгілер пайда болды, коммуналдық қызметтер көпірлерді, әсіресе, орталық көпірді тазалап жатыр.

Тоқаев Атырауға екі жыл бұрын ел президентінің міндетін атқарушы ретінде келген еді.

Фархат ӘБІЛОВ

Суреттерді түсірген автор, бейнежазба әлеуметтік желіден алынды


19 сәуір 2021, 14:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.