Атырау, 12 қазан 11:27
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Прагада пандемияға байланысты шектеуге наразы топ полиция қызметкерін жарақаттады

1 770 просмотра

Сенбіде Прага орталығында Чехияда коронавирусқа байланысты күшіне енген қатаң әлеуметтік шектеулерге қарсы рұқсат етілмеген наразылық акциясы кезінде полиция қызметкері жарақат алды. Бұл туралы журналистерге республика полициясының өкілі Виолета Сиржиштова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Басталғаннан кейін көп ұзамай таратылған Вацлав алаңындағы рұқсат етілмеген митингтің екі қатысушысы полиция қызметкеріне шабуыл жасады. Полиция қызметкері жарақат алды. Шабуыл жасаған ер адам мен келіншек ұсталды», - деді ол.

Сиржиштова атап өткендей, қызметтік міндеттерін орындап жүрген полиция қызметкеріне шабуыл жасағаны үшін оларға қылмыстық айып тағылады. Егер сот кінәлі деп таныған жағдайда, ұсталғандар ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылады. Полицейдің алған жарақатының сипаты туралы ақпарат жоқ.

28 наурыз 2021, 16:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.