Атырау, 12 қазан 13:21
 ашықВ Атырау +12
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

«Қызыл» аймақтағы өңірлерде оқушылар қалай оқиды

2 290 просмотра

Тәуекелі жоғары аймақтарда орналасқан өңірлерде оқыту осыған дейінгідей жалғасады. Бұл туралы Орталық коммуникциялар қызметінде өткен брифингіде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тәуекелі жоғары аймақта орналасқан өңірлерде оқыту осыған дейінгідей жалғасады. Мектепалды даярлық, 1-5 сынып (халықаралық мектептерде 1-7 сынып) оқушылары аралас форматта оқиды, сыныпта бала санын 25-тен асырмау қажет. Бітіруші 9, 11 (12) сыныптар аптаның 6 күнінде аралас форматта оқиды. Сыныпта бала санын 15-тен асырмау қажет», - дейді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова. Еске сала кетсек, бұған дейін төртінші тоқсанда оқыту форматы өңір тәуекелі төмен немесе орташа аймақта болған жағдайда барлық оқушы мектепте аралас форматта оқуға көшетінін жазған болатынбыз.

26 наурыз 2021, 15:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.