Атырау, 12 қазан 13:24
 ашықВ Атырау +12
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Ресейдегі қазақстандық жұмысшылардың төбелесі: СІМ түсінік берді

2 364 просмотра

Ресейдің Мурманск облысындағы қазақстандық жұмысшылар қатысқан жаппай төбелеске СІМ түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ведомство мәліметінше, 23 наурызда кешке оқиғаға вахталық жұмысшылар қатысқан.

"Сағат 20:30 шамасында Мурманск облысы Белокаменка ауылының жанындағы Ірітоннажды теңіз құрылымдары орталығының құрылыс алаңдарының бірінде вахталық жұмысшылардың, соның ішінде Қазақстан Республикасы азаматтарының қатысуымен жаппай төбелес болды.
Оқиға тұрмыстық сипатқа ие. Компания өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда мәселе шешіліп, қызметкерлер қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр. Қолда бар мәліметтерге сәйкес, жарақат алғандар мен құқық қорғау органдары ұстап алып кеткен адамдар арасында қазақстандықтар жоқ", - деді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Айтуынша, Қазақстанның Санкт-Петербургтегі бас консулдығы мәселені өз бақылауына алды.

Еске салайық, бұған дейін Мурманск облысында орналасқан Белокаменкадағы ірі тонналы теңіз құрылыстары орталығының құрылыс алаңдарының бірінде ("НОВАТЭК" жобасы) жұмысшылар жаппай төбелескені, олардың ішінде қазақстандықтар да бары хабарланған еді.

25 наурыз 2021, 09:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.