Атырау, 12 қазан 13:25
 ашықВ Атырау +12
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

4 облыста көлік қозғалысына шектеу енгізілді

2 691 просмотра

Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірнеше облысында республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл жайында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, Ақмола облысында: 

«Екатеринбург-Алматы» автожолының 1291-1353 шақырымы, «Нұр-Сұлтан қаласы-Қарағанды облысының шекарасы» учаскесінде; «Нұр-Сұлтан-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» тас жолының 32-51 шақырымы, «Қабанбай батыр ауылы-Қарағанды облысының шекарасы» учаскесінде; 

Шығыс Қазақстан облысында: 

«Омбы-Майқапшағай» автожолының 756-906 шақырымы, «Семей-Қалбатау учаскесінде» (жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін); «Өскемен-Семей» жолының 10-198 шақырымы, «Герасимовка ауылы-Семей қаласы» учаскесінде (жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін); «Омбы-Майқапшағай» жолының 587-733 шақырымы, «Павлодар облысы шекарасы-Семей қаласы» учаскесінде; «Семей-РФ шекарасы» автожолының 0-113 шақырымы, «Семей-РФ шекарасы» учаскесінде;

Қарағанды облысында «Екатеринбург-Алматы» автожолының 1353-1426 шақырымы, «Ақмола облысы шекарасы-Теміртау» учаскесінде; «Нұр-Сұлтан-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» автожолының 51-104 шақырымы, «Ақмола облысының шекарасы-Нұра ауылы» учаскесінде көлік қозғалысы шектелген. 

Ал Павлодар облысында мына жолдар жабық:

«Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» автожолы 200-254 шақырымының «Ақмола облысы шекарасы-Шідерті ауылы» учаскесі; 

«Ленинск-Ертіс-Русская Поляна» жолы 0-272 шақырымының «Ленинск ауылы- РФ шекарасы» учаскесі; 

«Омбы-Майқапшағай» автожолы 191-390 шақырымының «РФ шекарасы-Мичурино ауылы» учаскесі; 

«Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара» автожолы 138-231 шақырымының «Баянаул ауылы-Қарағанды облысы шекарасы» уческесі; 

«Қызылорда-Павлодар» жолы 1135-1206 шақырымының «Қарағанды облысының шекарасы-Шідерті» учаскесі; 

«Омбы-Майқапшағай» автожолы 426-587 шақырымының «Кенжекөл ауылы-ШҚО шекарасы» учаскесі: 

«Павлодар-Шарбақты-РФ шекарасы» автожолы 8-112 шақырымының «Жетекші ауылы-РФ шекарасы» учаскесі; 

«Павлодар-Успенка- РФ шекарасы» жолының 0-152 шақырымы; 

«Ленинск-Ақсу-Көктөбе-Курчатов» жолының 0-215 шақырымының «Ленинск ауылы-ШҚО шекарасы» учаскесі.

24 наурыз 2021, 10:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.