Атырау, 29 наурыз 11:29
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Тоқаевқа ​мемлекеттік бюджеттен 14 млрд теңгенің жымқырылғаны туралы ақпарат берілді

2 810 просмотра

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдарды күшейту жөнінде берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы есеп берілді.

Жанат Элимановтың айтуынша, жыл басынан бері сегіз ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталған. Оның екеуі трансұлттық топ. Сондай-ақ, ол бюджет қаржысын жымқыру дерегі бойынша 14 миллиард теңге көлемінде шығын келтірген 125 қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

Президентке Агенттіктің қаржы пирамидаларының жолын кесу бағытында атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндады. Ведомство басшысының айтуынша, күмәнді іс-әрекеттер бойынша 21 материал құқық қорғау органдарына жолданған. 

Сонымен қатар, Мемлекет басшысына кәсіпкерлердің қылмыстық қудалауға түсуіне жол бермеу үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берді. Жанат Элиманов 2020 жылдың қорытындысы бойынша өткен жылдармен салыстырғанда тіркелген экономикалық қылмыстардың саны алты есеге азайғанын айтты. Қылмыстық істерді тексеру бойынша кәсіпкерлерді тергеуге шақыру саны екі есеге, ал тергеп-тексеру мерзімі 40 пайызға қысқарған.

Қасым-Жомарт Тоқаев бизнесін адал жүргізіп отырған кәсіпкерлердің қылмыстық қудалауға түсуіне жол бермеу жөнінде жүйелі шаралар қабылдау қажеттігіне назар аударды. 

Кездесу соңында Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасына бірқатар нақты тапсырма берді.

19 наурыз 2021, 15:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.