Атырау, 23 желтоқсан 15:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Нұр-Сұлтан әуежайында бірнеше рейс кешіктірілді

2 261 рет қаралды

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында ауа райына байланысты бірнеше рейс кешіктірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ұшуға алты рейс, ұшып келуге 10 рейс кешіктірілді. Қосымша ақпаратты әуежай анықтамалығынан немесе әуекомпаниялар call-орталығынан анықтап алған дұрыс", - деді әуежайдың баспасөз хатшысы Анвар Шалекенов.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ақпараты бойынша, 10 наурызда сағат 10 кезінде Нұр-Сұлтан әуежайындағы ұшу-қону жолағының (ҰҚЖ) ілінісу коэффициенті 0,27-ге дейін төмендеді.

"Рейсті орындаудың ең төменгі нормасы - 0,35. Қазіргі уақытта реагентті пайдаланып, ҰҚЖ тазалау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Жолаушылардан рейстер туралы ақпаратты нақтылап алуды сұраймыз. Азаматтық авиация комитеті мен әуекомпаниялар жұмысындағы басты басымдық - ұшу қауіпсіздігі", - деп түсіндірді ведомство өкілі.
10 наурыз 2021, 12:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.