Атырау, 23 желтоқсан 15:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Оңтүстік Кореяда көлік ұрлаумен айналысқан үш қазақстандық ұсталды

2 824 рет қаралды

Отандастарымыз Кванжу қаласындағы мамандандырылған сауда кешенінен ескі жеті автокөлікті ұрлады деген күдікке ілінді. Корей тергеу нұсқасы бойынша, көліктер 26 ақпан мен 3 наурыз аралығында ұрланған, деп хабарлайды zakon.kz.

Baigenews.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап, Оңтүстік Кореяда 20-30 жастағы Қазақстанның үш азаматы ұсталғанын хабарлады.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция ұрланған төрт көлікті өз иесіне қайтарып берілді. Ағымдағы тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін қазақстандықтарды қамауға алуды жоспарланып отыр.

"Полиция жүйелі түрде қылмыс жасау мүмкіндігін зерттеп жатыр және негізгі тергеу аяқталған бойда қамауға алу туралы арыз түсіруді жоспарлап отыр" делінген корей басылымындағы мақалада.
9 наурыз 2021, 17:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.