Атырау, 24 сәуір 22:35
 ашықВ Атырау +13
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

​Оқушылар қалай оқиды - санитар дәрігердің қаулысы

3 123 просмотра

Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында карантин шараларына толықтырулар мен өзгерістер енгізді деп хабарлайды qamshy.kz.

Жаңа қаулыға сәйкес 2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанында:

оқушылар саны 300-ге дейін контингенті бар, сыныптарда 15-тен көп емес бала санымен қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқытуға рұқсат беріледі;

2021 жылғы 1 наурыздан бастап жалпы білім беретін мектептерде мектеп алды сыныптардың, 1 сыныптан 5 сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1 сыныптан 7 сыныпқа дейін қоса алғанда, сыныптарда 25-ке дейін бала санымен оқушыларды аралас форматта оқытуға рұқсат етіледі;

оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде аралас форматта оқытуға: пәндердің 70%-ы штаттық режимде, 30%-ы қашықтықтан оқытылады;

білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға рұқсат беріледі.

Осы қаулы 9 наурыз сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

5 наурыз 2021, 16:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.