Атырау, 17 сәуір 10:26
 ашықВ Атырау +23
$ 430.39
€ 515.52
₽ 5.68

Мамин Инвестициялық штаб отырысын өткізді

1 768 просмотра
Сурет: primeminister.kz

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин төрағалығымен Инвестициялық штаб отырысы өтті. Онда Президент жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңес аясында таныстырылған инвестицияларды басқару бойынша жаңа тәсілдер қаралды, - деп хабарлайды primeminister.kz.

Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарында, сондай-ақ "Nur Otan" партиясы сайлауалды бағдарламасында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2025 жылы ЖІӨ-нің 30 пайызына дейін, тікелей шетелдік инвестициялар көлемін $30 миллиардқа дейін жеткізу мақсаты қойылғаны айтылды.

"32,4 триллион теңге сомасына 1600-ден аса жобадан тұратын пул құрылды. Тікелей шетелдік инвестициялар ағынын қарқындату жөніндегі жаңа тәсілдерді іске асыру шеңберінде ҚР сырты істер министрлігінің шетелдік мекемелері үшін үш жылдық бағдарламалар әзірленіп, қабылданды",- деді сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді.

Осы көрсеткішке жету үшін агроөнеркәсіптік кешен, туризм, инфрақұрылым, машина жасау, дәрі-дәрмек,  мұнай химиясы, IT, білім беру және қосылған құн деңгейі жоғары басқа да салалар басым секторлар болып айқындалды. 

"Бес жыл ішінде АӨК саласында жалпы сомасы 4,1 триллион теңгеге 400-ге жуық инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Бұл 2025 жылға қарай жалпы ауыл шаруашылығы өнімі көлемін 1,3 есе, ал экспортты 2 есе ұлғайтуға мүмкіндік береді", - деді ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров.

Бұл ретте 2023 жылға қарай ішкі нарықты негізгі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік отандық өніммен қамтамасыз етіу қарастырылады.

"Биыл өңірге машина жасау, металлургия сияқты салаларға кемінде 810 миллирад теңге инвестиция тарту жоспарланып отыр. Жыл соңына дейін 2,5 мыңнан аса жаңа жұмыс орындарын құрумен 282,2 миллиард теңге сомасына 14 жоба аяқталатын болады", - деді Қарағанды облысы әкімі Жеңіс Қасымбек.

Инвесторлармен өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру үшін "Kazakh Invest" ҰК" АҚ және АХҚО-ның Business Connect бөлімшесі сарапшыларынан Task Force арнайы келіссөз командасы құрылатын болды.

Инвестициялық келісімдер жасасу жөнінде шешімдер қабылдаудың негізгі орталығы Инвестициялық штаб болады. Үкімет жұмысының қорытындысы бойынша жыл сайынғы негізде инвестициялар бойынша Ұлттық баяндама қалыптастырылады.

5 наурыз, 16:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.