Атырау, 23 желтоқсан 15:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Алматыда өзін жемқорлықпен күрес қызметкерімін деп таныстырған алаяқ ұсталды

2 293 рет қаралды

Алматыда өзін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерімін деп таныстырып, елді алдаған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2020 жылдың соңында өзін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкері ретінде таныстырып, адамдардың сеніміне кірген. 

Ол жерге орналастыру жобасына рұқсат алып беремін деп адамдардан 2000 АҚШ долларын алған. 

«Сосын қылмыстық іс бойынша жазаны жеңілдету үшін Алматы қаласының прокуратурасы мен сотының лауазымды тұлғаларына 5 млн теңге көлемінде қаражат жіберемін деп алдаған. Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді», - деді қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметінен. 

Сот күдіктіні қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын санкциялады. 

Күдіктінің айыбына қатысты түпкілікті шешімді сот шығарады.


5 наурыз 2021, 15:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.