Атырау, 29 қараша 21:33
 ашықВ Атырау -4
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Концерт аяқталды

3 277 просмотра

Атырау облыстық Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясының) баспасөз қызметі хабарлағандай, «СнабОйлСтрой» ЖШС директорына қатысты екінші қылмыстық іс қозғалды. Бұл жолы А. Бейсебекова деп фамилиясы аталыпты («Тағы да "СнабОйлСтрой" туралы» жарияланымын қараңыз).

Іс ҚР Қылмыстық кодексінің сол 176-бабы («Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету») бойынша - бұл жолы Атырау қаласынан заманауи өнер мұражайы мен көрме залы бар 1200 орындық киноконцерт залын салуға бөлінген бюджет қаржысының ұрлану фактісі бойынша қозғалды.

«Бейсебекова  А. Махамбет ауданының Алмалы селосынан балалардың демалыс лагерін және Атырау қаласынан киноконцерт залын салуға бөлінген жалпы сомасы 1,1 млрд теңгеден астам мөлшердегі бюджет қаржысын ұрлады деп күдіктелуде. Қылмыстық іс тергелуде, басқа ақпараттар тергеу мүддесі үшін жария етілмейді», - делінген баспасөз хабарламасында.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

17 қаңтар 2013, 23:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.