Атырау, 25 сәуір 18:01
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Тағы да "СнабОйлСтрой" туралы

1 953 просмотра

Сыбайлас жемқорлыққа және экономикалық қылмысқа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) сайтында «СнабОйлСтрой» ЖШС директоры азамат Б.-ға қатысты қылмыстық іс қозғалғаны жөнінде ақпарат пайда болды.

Қылмыстық іс ҚР ҚК-тің 176-бабы (Сеніп тапсырылған біреудің мүлкін иелену немесе талан-таражға салу) бойынша қозғалған. «Атырау облысы Құрылыс басқармасы» ММ-мен «Махамбет ауданы Алмалы селосында балалар демалыс лагерін салу» нысаны бойынша жұмыстарды атқару шартын жасаса отырып, актілерді орындалған жұмыс көлемін асыра көрсетіп ұсынған. Осылайша, 91,5 млн теңге мемлекет қаражатын қымқырған.

Естеріңізге салсақ, «СнабОйлСтрой» ЖШС-нің иесі Айбат СҮЛЕЙМЕНОВ осы бап негізінде қозғалған қылмыстық іс бойынша іздеуге берілген.

Осы компанияның қымбат бағаланған нысандарының арасында, жоғарыда көрсетілген лагерьден бөлек –35 спорт алаңы, 1200 орындық концерт залы мен Нұрсая ықшам ауданындағы 100 адамға арналған монша-сауықтыру кешені бар.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

14 қаңтар 2013, 16:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.