Атырау, 13 сәуір 01:27
 ашықВ Атырау +17
$ 433.40
€ 515.83
₽ 5.60

"Отбасы банк" сайтында "ақшаны БЖЗҚ-ға қайтару" функциясы пайда болды

1 359 просмотра

"Отбасы банк" сайтында "ақшаны БЖЗҚ-ға қайтару" функциясы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

enpf-otbasy.kz онлайн-платформасында бүгіннен бастап "БЖЗҚ-ға қаражатты қайтару" батырмасы іске қосылды.

Енді, өтінімді қате жіберген болсаңыз немесе ойыңыздан айныған болсаңыз, арнайы шотқа түскен қаражатты БЖЗҚ-ға қайтару үшін 45 күн күтудің қажеті жоқ. Оны платформадағы жеке кабинетіңіх арқылы оңай жасай аласыз.

Қаражатты үш қадаммен қайтаруға болады.

1. enpf-otbasy.kz онлайн платформасына жеке ЭЦҚ арқылы кіріңіз;

2. Жойғыңыз келетін өтінімді ашыңыз;

3. БЖЗҚ-ға қаражатты қайтару деп аталатын қызғылт сары батырманы басыңыз.

Үш жұмыс күні ішінде сіздің арнайы шотыңыздағы қаражат зейнетақы шотыңызға қайтарылады. Ақша түскеннен кейін, қажет болған жағдайда, сіз қайтадан біржолғы зейнетақы төлемін алуға өтінім жолдай аласыз.

Егер сіздің өтініміңіз мақұлданған болса және сіздің арнайы шотыңызда қалдық ақшаңыз қалса, онда қаражатты мерзімінен бұрын қайтаруға болмайды. Қалдық сома 45 күннен кейін зейнетақы шотыңызға автоматты түрде қайтарылатын болады.

25 ақпан, 16:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.