Атырау, 25 сәуір 20:09
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Sputnik V вакцинасы екі есеге арзандады

1 737 просмотра

Ресей Федерациясының денсаулық сақтау министрлігі Sputnik V коронавирустық вакцинасының сату бағасын екі есеге төмендетті, - деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Егер бұған дейін вакцина екі компонент үшін 1942 рубль (10,9 мың теңге) тұратын болса, қазір 866 рубльді (4,8 мың теңге) құрайды.

Үкіметтің баспасөз қызметі келтірген индустрия және сауда министрі Денис Мантуров бағалардың төмендеуі вакцинаның өнеркәсіптік өндірісінің технологиясын жасау және оңтайландыру, сондай-ақ оның едәуір ұлғаюы нәтижесінде мүмкін болғанын айтты.

"Шын мәнінде, вакцина өндіру - бұл отандық фармацевтика саласы үшін мемлекеттің әлеуметтік тапсырысы. Мен тіркелген максималды сату бағасы тек Ресейдің кең ауқымды мемлекеттік иммундау бағдарламаларында қолданылатын вакцинаға қатысты болатынын атап өткім келеді", - дейді Мантуров.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қарағандыда шығарылған Sputnik V вакцинасының алғашқы партиясы шығарылып, Қазақстан аймақтарына жөнелтілгенін айтқан болатын. 

25 ақпан 2021, 15:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.