Атырау, 28 наурыз 19:45
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Тоқаев отандық білім беру ресурстарын тегін ұсынуды тапсырды

1 748 просмотра

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі білім беру саласына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Барлық азаматтарға бірдей мүмкіндік беру – тұтас қоғам дамуының кепілі. Бұл ұстаным, әсіресе, білім саласы үшін өте маңызды. Шын мәнінде, білім беру мәселелері әрқайсымызды толғандырады. Соңғы жылдары біз білім беру жүйесін дамытудың басты бағыттарын, жолдары мен негізгі көрсеткіштерін айқындадық.  Енді, нақты шешімдер қабылдауымыз керек", - деп атап өтті мемлекет басшысы. 

Мемлекет басшысы ақпараттық-коммуникациялық технологияның рөлі туралы сөз қозғады. 

"Жалпы, білім беру жүйесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияның рөлі айрықша. Бұл, әсіресе, індет кезінде анық байқалды. Мобильді операторлардың «Білім» тарифі карантин уақытында қашықтан оқытуға кеңінен жол ашты. Соның арқасында Қазақстанның 600 білім беру ресурсын шектеусіз пайдалануға мүмкіндік туды. Бұл қадам оқушылардың арасындағы цифрлық теңсіздікті азайтуға айтарлықтай ықпал етті", - дейді Тоқаев.   

Оған қоса, Тоқаев білім беру саласын әрмен қарай дамыту қажет екенін жеткізді. Мемлекет басшысы білім беру ресурстарына тегін қол жеткізу мәселесін қозғап, бірқатар тапсырмалар берді. 

"Қашықтан білім беруді дамытудың осы әдісін тоқтатпай, жалғастыра беру қажет деп санаймын. Сондай-ақ, интернет тарифтері аясында отандық білім беру ресурстарын мектептерге тегін ұсыну керек. Үкіметке бұл шешімдерді жан-жақты пысықтауды тапсырамын", - дейді президент. 

25 ақпан 2021, 14:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.