Атырау, 25 сәуір 20:00
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Қазақстанда 1 наурыздан бастап карантин жеңілдейді: Қандай нысандардың жұмысына рұқсат берілді

2 184 просмотра

Биылғы жылдың 1 наурызынан бастап Қазақстанда карантин талаптары жеңілдейді. Жағымды жаңалықты Facebook парақшасы арқылы Атамекен ҰКП төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Сүйінші жаңалық! Ведомствоаралық комиссияның отырысында коронавирустың таралу қарқынының төмендеуіне байланысты "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлік палатасының бірқатар ұсынысы қабылданды", - деп жазды палата төрағасының орынбасары.

Оның сөзінше, биылғы жылдың 1 наурызынан бастап кейбір мекемелердің жұмысына рұқсат етіледі.

Жасыл аймақта:

1) жанкүйерлер қатысатын спорт жарыстары (қатысушылар саны талқыланып жатыр);

2) 50 адамға арналған еске алу асы (залдың 30% ғана толтыра отырып);

3) бильярд қызметіне;

4) ғимараттардағы балаларға арналған ойын-сауық клубтарына;

5) цирктарға

Сары аймақта: Базарлар мен сауда, ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері жексенбі күні де жұмыс істей алады.

АШЫҚ қосымшасы:

1) боулинг қызметі;

2) компьютер клубтарының қызметі;

3) фитнесс-орталықтар, бассейндер – жасыл және сары аймақтар үшін жұмыс істеуге рұқсат етілді.

"Жалпы алғанда санитарлық талаптарды сақтай отырып, бизнестің жабық нысандарының да жұмыс істеуіне рұқсат етіледі", - деп жазды палата өкілі.

24 ақпан 2021, 18:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.