ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті сақтандыру нарығын дамыту басқармасының бастығы Әжібек Сағи Қалиұлы елімізде бірлескен аннуитет алу мүмкін болатынын жеткізді, - деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Туыстар мен ерлі-зайыптылардың зейнетақы қорын бірлестіру арқылы, екі адам да ерте зейнетке шығуға мүмкіндік алады.
"Бірлескен аннуитет ерлі-зайыптылардың немесе жақын туыстарының зейнетақы жинақтарын біріктіруге және кірістерді осындай аннуитетпен қайта бөлуге мүмкіндік береді. Мысалы, егер ерлі-зайыптылардың бірінде өмірді сақтандыру компаниясынан аннуитетті сатып алу үшін зейнетақы жинақтары жеткіліксіз болса, ал екіншісінде артық болса, онда бірлескен зейнетақы аннуитеті арқылы олардың екеуі де өмірлік төлемдер ала алады", - дейді маман.
В Атырау -1