Атырау, 23 желтоқсан 20:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

МКК мобильді аударымдарға салық енгізу туралы қауесетке жауап берді

2 174 рет қаралды

Мемлекеттік кірістер комитеті мобильдік аударымдарға салық салынады деген ақпаратқа түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

МКК өкілдері мобильді аудармалар жеке тұлғалар арасында пайдалану үшін жасалғанын және бұл сервисті "кәсіпкерлік мақсатта пайдалану көзделмегенін" атап өтті. Алайда оны кей кәсіпкер "микро және шағын бизнес субъектілері үш жылға салық төлеуден босатылғанына қарамастан, нақты ақша айналымын жасыру үшін" пайдаланады.

Қазір салық қызметкерлері жеке аударымдарды кәсіпкерліктен бөлудің жолын іздеп жатыр. Салық кәсіпкерлерге ғана салынатыны атап өтілді.  

"Тауарлар, жұмыс пен қызметтер үшін төлемдер анықтау жөніндегі жұмыс басталып кетті және ол екінші деңгейдегі банктермен, "Атамекен" ҰКП және бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп талқыланады", - деді Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілі.

Еске салайық, YouTube-те банк мобильді қосымша арқылы ақша аударғанда салық алынатыны туралы фейк тараған болатын.



24 ақпан 2021, 12:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.