Атырау, 23 желтоқсан 20:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Қазақстан әуе компанияларының табысы 41 пайызға төмендеді - сарапшылар

1 850 рет қаралды

Қазақстандағы авиакомпаниялардың табысы бір жылда 41 пайызға азайды. Бұл ретте жолаушыларды тасымалдау қызметінің бағасы да біршама төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Finprom.kz сайтына сілмете жасап. 

Сарапшылардың мәліметінше, 2021 жылдың қаңтарында ел авиакомпанияларының табысы 19,6 миллиард теңге болды. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 40,8 пайызға аз. Оның ішінде 17,9 миллиард теңге жолаушылар тасымалынан, 1,7 миллиард - жүк тасымалынан түскен.

"Биыл қаңтарда елімізде 592,1 мың адам тасымалданды. Жолаушылар айналымы жылына 38,7 пайызға қысқарды", - деп толықтырды олар.

Былтырмен салыстыратын болсақ, сарапшылар 2020 жылдың қаңтарында табыс 33,1 миллиард теңгеге жеткенін атап өтті.

Ал қаңтарда әуе көлігімен жолаушылар тасымалдау қызметінің бағасы бір айда 1,1 пайызға, бір жылда 5,9 пайызға төмендеді.

Сонымен қатар, 2021 жылдың қаңтарында ел әуе компаниялары 2,5 мың тонна жүк пен багаж тасымалдаған, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 34,1 пайызға көп.

24 ақпан 2021, 10:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.