Атырау, 28 наурыз 22:34
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Қазақстанда "Спутник V" вакцинасының өндірісі басталды

2 028 просмотра

Қарағанды фармацевтикалық кешенінде коронавирусқа қарсы "Спутник V" вакцинасының алғашқы өнеркәсіптік партиясы дайындалды, деп хабарлайды Sputnik. 

Премьер-министрдің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, Қазақстан үкіметі басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов пен Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қарағанды фармацевтикалық кешенінің (ҚФК) базасында "Гам-КОВИД-Гак" ("Спутник V") вакцинасының өнеркәсіптік өндірісімен және ел аймақтарына вакцина жеткізу барысымен танысты.

"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, отандық фармацевтикалық кешен базасында вакцинаның өнеркәсіптік өндірісін қалыптастыру бойынша жұмыстар қысқа мерзімде жүзеге асты. Қазақстанның барлық аймақтарына "Гам-КОВИД-Гак" вакцинасының 90 мың дозасы жөнелтіледі", - деді вице-министр Ералы Тоғжанов.

Ол 2021 жылдың наурызында вакцинаның 150 мың дозасын шығару жоспарланып отырғанын айтты. Ал сәуір айынан бастап препарат өндірісінің көлемі 600 мың дозаға жетеді. Осылайша, Қазақстан халқы коронавирусқа қарсы вакцинамен толық қамтылатын болады.

"СК-Фармация" ЖШС мен Ресейдің тікелей инвестициялар қоры арасында жасалған өзара түсіністік туралы келісім аясында вакцинаның екі миллионға дейінгі дозасын жеткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, құжат бойынша препарат барлық сынақтардан өткеннен кейін доза көлемін бес миллионға дейін ұлғайту қарастырылған.

Вакцинаның алғашты партиясы "СК-Фармация" ЖШС-ның төрт бөліміне жөнелтіліп, осы жақтан Қазақстанның барлық өңіріне таратылады.

23 ақпан 2021, 17:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.